Өскеменде оқушылар үш көлікті өртеп жіберген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде оқушылар үш көлікті өртеп жіберген "Астана" телеарнасының кадрынан

Өскеменде 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш оқушы шетелдік көліктерді өртеген. Кейбір деректер бойынша, көліктердің бірі балалардың мұғаліміне тиесілі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш оқушы шетелдік көліктерді өртеген. Кейбір деректер бойынша, көліктердің бірі балалардың мұғаліміне тиесілі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің бірі полицияға хабарласқаннан кейін бейнебақылау камерасы арқылы бұзақылардың жеке басы анықталған. Ер адам күндіз BMW-сын үй маңына қойып кеткен, кейінірек көршілері көлігі жанып жатқанын айтқан.

Полиция дәл осындай жағдайда бұрын тағы екі көлік бүлінгенін анықтаған. Олар - Lexus және Nissan Liberty көліктері. Балалар бұл да өздерінің ісі екенін мойындаған. Оқушылардың іс-әрекеттерінен айтарлықтай зиян келген.

"Полиция қызметкерлері бөлімшеге 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Қазір бұл іс бойынша ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігі "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, өртеу, жарылыс жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалған елеулі залал келтірді" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети