Өскеменде сегіз үйін жалға беретін әйелді оның баласы өлтірген болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде сегіз үйін жалға беретін әйелді оның баласы өлтірген болуы мүмкін © Dailynews.kz

Өскеменде 8 пәтері бар әйелді өлтіріп кетті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен полицейлер төрт адамды ұстады. Олардың ішінде қайтыс болған әйелдің баласы да бар, - деп хабарлайды YK-news.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде 8 пәтері бар әйелді өлтіріп кетті. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен полицейлер төрт адамды ұстады. Олардың ішінде қайтыс болған әйелдің баласы да бар, - деп хабарлайды YK-news.kz

Әйелдің денесін 10 мамырға қараған түні өзі жалға беретін пәтерлерінің бірінен құрбысы тауып алды. Ол құрбысына бірнеше рет қоңырау соққан, телефонды көтермеген соң пәтерлерінен іздей бастаған.

"Қылмыстық істің жәй-жапсарын анықтау үшін ШҚО ІІД мен Өскемен ІІБ қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Алдын ала болжам бойынша, пәтерді жалға алушылардың бірі қылмыстық іске барған", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.

ІІД мәліметінше, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен келесі күні төрт адам ұсталды. Олардың бірі қаза тапқан әйелдің 25 жастағы ұлы болып шықты. Алдын ала болжам бойынша, ол анасын пәтерлеріне иелік ету мақсатында өлтіру үшін 42 жастағы ер адамды жалдаған. Қалған екеуі делдал болған.

"Қазір күдіктілердің кінәсін дәлелдеу үшін айғақтар жиналып жатыр. Кейін іс сотқа жіберіледі", - деді Бақытжан Торғаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети