Өскеменнің бұрынғы әкімі пара алғаны үшін сотталды. Өскеменнің №2 сотында Манарбек Сапарғалиевке қатысты үкім шығарылды, ол "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, сонымен қатар, бұған дейін Өскеменнің, Риддердің әкімі және ШҚО қаржы басқармасының басшысы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапарғалиевтің қол астында жұмыс істеген, "Жәрдем" базарының директоры жемқорлыққа қарсы ведомствоға шағымданып, басшысына ай сайын 2 мың доллардан төлеп тұруға мәжбүр екенін айтқан. Директорға аудио-видеожазба құралы беріліп, қажетті сомадағы ақшаға арнайы зат жағылды.
Сотта зардап шегуші тарап пен айыпталушының кездесуі жазылған жазба дәлел болды, кездесу барысында олар қарыз жөнінде және ақшаны беру туралы сөйлесті. Сонымен қатар, базар басшысының 1 230 000 теңгені Сапарғалиевтің жүргізушісінен беріп жібергені айтылды.
Экс-әкім үш жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді, сонымен қатар, мүлкі тәркіленіп, өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.