©REUTERS
Дубайда ғаламтор арқылы көлік сатамын деп, қазақстандық азаматшаны сазға отырғызған алаяқ сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz The National порталына сілтеме жасап. Интернет-алаяқ айыпты деп танылып, үш айға сотталды. Оның кінәсін дәлелдеу үшін Қазақстан азаматшасы БАӘ-ге арнайы барып, полицияға шағымданған. Күдікті банктегі есепшот бойынша бірден анықталды. Алданған әйел оған екі көліктің құны үшін 133 мың долларын аударыпты. Ұсталған адам Нигериядан келген болып шықты, ол есепшоттан ақша алмақ болған кезде тұтқындалды. Бірақ ер адам "бұл менің досымның есепшоты болатын" деп, кінәсін мойындамай отыр. Жергілікті полиция оның бұған дейін де осылай ұсталғанын, алайда жеткілікті дәлел болмағандықтан босатылғанын анықтады. Бұған дейін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары ғаламтордағы алаяқтардың қазақстандық ерлі-зайыптыны алдап кеткені туралы хабарлаған еді. Бұл екеуі 82 мың долларға және 50,8 мың долларға екі көлік сатып алмақ болған. Кейін алаяқтар көліктердің Иранда кешеуілдеп қалғанын айтып, оларды жеткізу үшін тағы 10 мың долларға жуық ақша сұраған. Осыдан кейін ерлі-зайыптыда күдік пайда болады. Полиция алаяқтардың жалған сайтты пайдаланғанын айтып отыр.
Дубайда ғаламтор арқылы көлік сатамын деп, қазақстандық азаматшаны сазға отырғызған алаяқ сотталды деп хабарлайды Tengrinews.kz The National порталына сілтеме жасап.
Интернет-алаяқ айыпты деп танылып, үш айға сотталды. Оның кінәсін дәлелдеу үшін Қазақстан азаматшасы БАӘ-ге арнайы барып, полицияға шағымданған. Күдікті банктегі есепшот бойынша бірден анықталды. Алданған әйел оған екі көліктің құны үшін 133 мың долларын аударыпты.
Ұсталған адам Нигериядан келген болып шықты, ол есепшоттан ақша алмақ болған кезде тұтқындалды. Бірақ ер адам "бұл менің досымның есепшоты болатын" деп, кінәсін мойындамай отыр. Жергілікті полиция оның бұған дейін де осылай ұсталғанын, алайда жеткілікті дәлел болмағандықтан босатылғанын анықтады.
Бұған дейін еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары ғаламтордағы алаяқтардың қазақстандық ерлі-зайыптыны алдап кеткені туралы хабарлаған еді. Бұл екеуі 82 мың долларға және 50,8 мың долларға екі көлік сатып алмақ болған. Кейін алаяқтар көліктердің Иранда кешеуілдеп қалғанын айтып, оларды жеткізу үшін тағы 10 мың долларға жуық ақша сұраған. Осыдан кейін ерлі-зайыптыда күдік пайда болады. Полиция алаяқтардың жалған сайтты пайдаланғанын айтып отыр.