Түркістан қаласының Полиция департаментіне жергілікті тұрғын арызданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласының Полиция департаментіне жергілікті тұрғын арызданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгісіз тұлғалар WhatsApp мессенджері арқылы оның отбасымен коронавирусты жұқтырғаны туралы жалған ақпарат таратып жібергенін хабарлады.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тексеру кезінде жәбірленуші отбасымен бірге Еуропада саяхат жасағанын хабарлады. Алматы қаласына келген соң, әйел мен оның отбасын дәрігерлер толық тексеруден өткізіп қарап шығып, карантинге жатқызуға еш негіз болмаған.
Үйіне келгеннен кейін, Түркістан қалалық емхана мен СЭС қызметкерлері бұл отбасымен байланыс орнатып тексереді, бірақ күні бүгінге дейін аурудың белгілері және басқа да ауру түрлері анықталмаған.
Қазіргі уақытта жәбірленуші мен оның отбасы мүшелері бақылаудан алынды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жалған ақпарат таратушы Түркістан қаласының тұрғындары яғни үш күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер өз әрекетін толық мойындап, өкінетіндіктерін жеткізді. Олар бұл хабарды туыстары мен жақындарын ескерту үшін таратқанын түсіндірді. Осы жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер істің толық мән-жайын анықтауды бастады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!