30 наурыз 2016 | 15:05

Өткен жылы ұл балалармен жыныстық қатынасқа түскен 5 адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

2015 жылы Қылмыстық кодекстің "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша ер адамға қатысты жасалған 6 қылмыс тіркелген, олар: үш жұмыссыз, біреуі орта мектептің жұмысшысы және өзге мекемелердің екі жұмысшысы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызыметінің хатында айтылады.


Иконка комментария блок соц сети

2015 жылы Қылмыстық кодекстің "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша ер адамға қатысты жасалған 6 қылмыс тіркелген, олар: үш жұмыссыз, біреуі орта мектептің жұмысшысы және өзге мекемелердің екі жұмысшысы. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап берген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызыметінің хатында айтылады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ата-аналардың арызы бойынша тіркелген алты тергеудің бірі қайта қалпыну келу негізінде тоқтатылып, ал қалған 5 іс сотқа жолданған. Екі үкім заңды күшіне еніп қойды - сотталғандардың бірі 11 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі бостандығынан шектелді. Сонымен қатар, ведомстводағылар мұндай істердің тараптардың ымыраға келуі жағдайында тоқтатылған кездері болды ма деген сұрағына да жауап берді. 

"Сотқа дейінгі тергеудің тараптардың ымыраға келуі арқылы тоқтатылу жағдайлары жоқ. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелсе "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау", 5 жылға бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратын санкциясы тараптардың ымыраға келу арқылы және келтірілген шығынды өтеу арқылы істі тоқтатуға жатады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 68-бабының 4-бөлігіне сәйкес, бұл баптың қосымшалары кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағандарға жатпайды", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2015 жылы осы бап бойынша 711 қылмыс жасалған. Олардың 699-ы әйелдерге қатысты жасалған. Адвокат Жангелді Сүлейменов осы статистикаға қатысты пікірінде заңда шалағайлықтардың барын айтты, себебі "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабында 14 жасқа толмағандарға қатысты қылмыс жасағандардың жауапкершілігі арнайы айтылмаған. 

"Мүмкін, заң шығарушы мұндай жас аралығында ерікті түрде қатынасқа түсетіндер жоқ деп есептейтін шығар. Балаларға қатысты тек зорлық әрекеттер болады деп есептелетін шығар. Мұндай қылмыс зорлау немесе еркек пен еркектің жыныстық қатынасы болып есептелуі мүмкін, мұның санкциясы 20 жылға бас бостандығынан айыруды қарастырады", - деді адвокат.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети