29 қазан 2015 13:18

Өз баласының әкесін өлтіруге тапсырыс берген әйел 11 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Orenday.ru © Orenday.ru

Өз баласының әкесін өлтіруге тапсырыс берген әйел 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өз баласының әкесін өлтіруге тапсырыс берген әйел 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рудный тұрғыны, 32 жастағы Галина Громованың бұрынғы күйеуі Зайцовты өлтіруге тапсырыс бергені анықталды. Cот оны 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді. Мемлекеттік айыптаушылар сотта Громованың ҚР ҚК 28, 24, 99-баптарында көрсетілген қылмыстық іске барғанын дәлелдеді.

Тергеу материалдары бойынша, Громова мен Зайцев 2008 жылдан бастап кездесе бастаған. Олар 4 жасар ортақ балаларын бөлісе алмаған. Биыл 2 шілдеден бастап Громова Орлов деген азаматпен кездесе бастайды. Әйел "жаңа ғашығына" баласының әкесін өлтіруге тапсырыс берген. Ол алдын ала киллерге 500 доллар сыйақы беріп, қалғанын істі аяқтаған соң беруге уәде етеді.

Кездесуден кейін Орлов құқық қорғау органдарына барып, Громованың ниеті туралы айтып береді. Келесі күні полицейлер Зайцевті өлі жатқан сияқты етіп суретке түсіріп, суретті Орлов Громоваға көрсетеді. Ол осы күні киллерге қалған 500 долларды ұсынған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети