Батыс Қазақстан облысында өз қарамағындағы жұмысшы әйелді зорлады делінген "Өрт сөндіруші" АҚ директоры Сансызбай Күзенбаев өзіне тағылып отырған айыпқа байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Мой Город". Еске салайық, осыған дейін осы компанияда жұмыс істейтін бір әйел полицияға хабар беріп, өзін басшысы зорлағысы келгенін хабарлаған. Ауруханада мидың шайқалуымен және қанды ісіктермен жатқан әйелдің айтуынша, оқиға 10 шілдеде болған.

Күзенбаевтің айтуынша, оның қоластындағы әйелдің айтқандарының барлығы өтірік. "Зорлауға әрекет те, ұрып-соғу да болған жоқ. Сол күні мен мас болған жоқпын. Сол күні расында да кеш өтті, бірақ менің денсаулығым нашар болды, жолдан келген бетім еді, сондықтан алкоголь ішпедім. Сол кеште жағымсыз әңгімеміз болды, себебі ол өзінің міндеттерін атқармады. Құжаттар кешігіп жатты, дебиторлық қарыз өсті, осының барлығына мен оған ескерту жасадым. Кейін оған қатаң түрде жұмыстан кететінін айтқан шығармын. Тіпті басқа жұмыс іздеуі керектігін айттым, ол ашуға булықты", - деді директор.
Сансызбай Күзенбаевтің айтуынша, сол кеште ол әйелге бұрынырақта алған қарызын қайтаруы керектігін еске салып, көлікке отырып, кетіп қалған. Кәсіпорын территориясында басқа қызметкерлер болыпты. "Меніңше, ол осы себептен мені айыптағысы келген, себебі қазір жұмыс табу қиын, түсінемін. Бірақ оның дәл осылай атыма кір келтіретінін білмедім. Мен оған мұның алдында да ескертулер жасағанмын. Оны жұмысқа 2006 жылы алдым, жақсы маман болатын шығар деп ойладым", - деді филиал директоры.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта оған қатысты зорлау дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Еске салайық, Батыс Қазақстан облысында ірі компания филалының қызметкері директор жұмыс орнында зорламақшы болды деп айыпталған еді.
Бастығынан теперіш көрдім деген әйел 10 шілде күні Абай аудандық полиция бөліміне зорлау әрекеті туралы арыз түсірді. Сол күні ол болған жағдайды компанияның Астанадағы бас кеңсесіне хабарлады. Компания кеңсесіндегілер "Мой город" порталының тілшілеріне директордың еңбек демалысында екенін және қанда қанттың көбеюіне байланысты ауруханада жатқанын хабарлады. Полициядағылар зорлау туралы арыздың келіп түскенін растады. Алайда баспасөз қызметіндегілер түсінік беруден бас тартты.