Өз сыныптасын ұрлап әкетіп, өлтірген жігітті Алматы полициясы ұстады

04 Қыркүйек 2015, 11:06
1
Өз сыныптасын ұрлап әкетіп, өлтірген жігітті Алматы полициясы ұстады - © mosday.ru
© mosday.ru

Алматыда полицейлер сыныптас қызын ұрлап әкетіп, өлтірген жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясына қаланың Алатау ауданының тұрғыны хабарласып, жоғары оқу орындарының бірінде оқитын немере қарындасының жоғалып кеткенін айтты. "Хабар берушінің мәліметінше, қыз 31 тамызда таңғы 10-да үйінен шығып кеткен. Сонымен қатар, ер адамның айтуынша, сол күні оның ұялы телефонына туысының ұрланғаны жайлы SMS хабарлама келіп түседі, хабарламада қыздың өмірі үшін 4 миллион теңге талап етілгені жайлы жазылған", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Күдікті өз құрбанының банк картасынан банкомат арқылы қаражат алғысы келген кезде анықталды. Полиция күдіктіні ұстады - ол Қызылорда облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұған дейін оның қаза болған қызбен бір сыныпта оқығаны, ал кейін бір топта оқитыны белгілі болды. Ол тергеу әрекеттері кезінде аталған қылмысты жасағанын мойындады. Кейін жігіттің қызды алып кеткенінен кейін бірден өлтіргені анықталды. 

"Жылу жолындағы құдықтан із-түссіз жоғалып кеткен 1995 жылғы қыздың мәйіті табылды. Оның денесінде көптеген пышақ жарақаты табылды, қолы мен аяғы байланған", - деп хабарлады баспасөз өкілдері. Күдікті Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу басқармасында "Адам ұрлау" және "Кісі өлтіру" баптары бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жүріп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай