20 желтоқсан 2015 | 12:52

Өз туысын өлтіруге тапсырыс берген қарағандылық әйел киллерден оның құлағын сұраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері Қарағанды қаласында кісі өлтіруге тапсырыс берген адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері Қарағанды қаласында кісі өлтіруге тапсырыс берген адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

19 желтоқсанда киллердің ролінде ойнаған полиция қызметкеріне ақша беріп жатқан сәтінде 54 жастағы қарағандылық әйел ұсталды. Әйел 37 жастағы туысын өлтірту үшін "киллерге" 400 мың теңге берген. Бұл іске әйел ер адамның атына жазылған пәтер үшін бармақ болыпты.  

Әйел киллерге 50 мың теңге көлемінде аванс беріп, тапсырыстың орындалғанының рас-өтірігін анықтау үшін туысының құлағы мен оң қолын әкеліп беруді сұраған. 

Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері жасанды құлақты тауып, ал облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері өлтірілуі тиіс ер адамның мәйітінің суреті мен видеосын жасаған. Бұл дәлелдер әйелге көрсетілген. 

Тапсырыс берген әйел ақша беріп жатқан сәтінде ұсталды. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, жасанды құлақ пен суреттер тәркіленді. Азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети