29 маусым 2015 | 11:09

Өзбекстан азаматы бір түнде бірнеше астаналықты тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© crimea-24.com © crimea-24.com

Өзбекстан азаматы бір түнде бірнеше астаналықты тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстан азаматы бір түнде бірнеше астаналықты тонап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусымда Астананың ішкі істер департементіне 22 жастағы астаналық белгісіз біреудің оны пышақпен қорқытып, күш көрсету арқылы жеке мүлкі мен ақшасын алып кеткенін айтып, арызданды. Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында 24 маусымға қараған түні Абылай хан даңғылы қиылысында, сауда үйінің маңында, белгісіз біреудің автокөлік салонына басып кіріп, мойынына пышақ төсеп, жәбірленуші мен оның танысының алтын бұйымдары мен ақшасын алып, қылмыс орнынан жасырынғаны анықталды. 

"Елордалық ІІД қызметкерлері "ізін суытпай" қала аумағында тонаумен және қарақшылықпен айналысқаны үшін Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын ұстады. Сол түні қаскүнем жасаған әрекетін тоқтатпай, күйші Дина көшесінде күш қолданып, 26 жастағы әйелдің құны 120 000 теңге тұратын (ұялы телефон) жеке мүлкін ашық түрде ұрлап кеткен", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл деректер сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды. ҚР ҚК "Қарақшылық" және "Тонау" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, күдікті кінәсін мойындады. Сонымен қатар, күдіктінің Астана қаласының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстығы анықталып жатыр. Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімен күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети