Өзбекстанда полицейлер қазақстандық туристерді электршокермен соққан

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр

Самарқандтық полицейлер Қазақстаннан келген туристерді ұстап, оларға электршокер қолданды. ІІМ бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Самарқандтық полицейлер Қазақстаннан келген туристерді ұстап, оларға электршокер қолданды. ІІМ бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, түнгі сағат шамамен 3.30-да Самарқанд қонақтары, олардың үшеуі Қазақстаннан, біреуі Ташкенттен, жергілікті түнгі клубтан шыққан. Туристер такси күтіп тұрғанда екі полиция қызметкері келіп құжаттарын көрсетуді, кейін олармен бөлімшеге баруды сұраған. 

"Олар Самарқандта коменданттық сағат екенін айтты. Фото, видео және өтініш бар. Заңға сүйене отырып не үшін ұстағанын түсіндіруді өтінгенімізде, жауап алмадық. Ташкент пен Самарқандта заң бөлек болмаса", - деді зардап шеккендердің бірі, оның сөзін Podrobno.uz басылымы келтірді. 

Ер адам бірнеше минуттық үзілістен кейін тағы полицейлер шақырылып, туристерге электршокер қолданылғанын айтты.

"21 мамырға қараған түні Самарқанд ІІБ патрульдік-күзет қызметінің қызметкерлері Мирзо Ұлықбек көшесіндегі туристердің жеке басын тексеру барысында кәсіби этика нормаларын өрескел бұзып, қызмет бабын және арнайы техникалық құралдарды қолдану жөніндегі өкілеттіктерін теріс пайдаланған", - деп жазды Өзбекстан ІІМ ресми өкілі Telegram-да.

Ол аталған дерек бойынша ІІМ жеке қауіпсіздік қызметі прокуратура органдарымен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын айтты. Оның қорытындысы бойынша заңды бұзған барлық қызметкерді, сондай-ақ олардың басшыларын жауапқа тарту және қызметтен шеттету туралы мәселе қаралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro