"Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдаған ер адам Қазақстанда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдаған ер адам Қазақстанда ұсталды КТК кадрынан үзінді

Түркістан облысы Келес ауылының тұрғыны лаңкестікке ашық үндеген. Оны Ұлттық қауіпсіздік департаментіның қызметкерлері қолға түсірді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Келес ауылының тұрғыны лаңкестікке ашық үндеген. Оны Ұлттық қауіпсіздік департаментіның қызметкерлері қолға түсірді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

56 жастағы Нұриддин Ахраров көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұсталған. Салафизмді ашық үгіттеп жүрген азамат тыйым салынған "Өзбекстанның ислам қозғалысы" идеясын қолдап, тіпті мешіттерде имамдармен салғыласып жүрген көрінеді.

Оның үйін тінту кезінде радикал өзбек уағызшысы Абдуали қоридің 8 кітабы табылған. Өзі де жиһадқа дайындалып жүрген азамат лаңкестікті насихаттағаны үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.   

Ер адамның төрт баласы мен жары бар, қазір олармен теологтар жұмыс істеп жатыр. Ұсталған азамат өзінің салафит екенін жасырмайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети