"ӨзенМұнайГаз"АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ӨзенМұнайГаз"АҚ бас директорының орынбасары ұсталды Фото:ozen.kz

Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты лауазымды өкiлеттiктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаевты лауазымды өкiлеттiктерін теріс пайдаланды деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Бауыржан Мамбетсапаев лауазымды мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар танысын "ӨзенМұнайГаз" АҚ-на заңсыз кіргізген. Дегенмен компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан аса тұрғыны кезекке тіркелген.

"Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Бауыржан Мамбетсапаевтың анық білгені тергеуде анықталды.

Бауыржан Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 миллион теңгеден аса залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасудағы құқықтары өрескел бұзылуына әкеп соққан", - делінген хабарламада.

Тергеуде Бауыржан Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның, лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджет қаражаттарын жымқыру деректері тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети