02 маусым 2016 | 14:00

Өзіме тағылып отырған айыптармен келісуге ниетім жоқ - Ермегияев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ермегияев сот залында. © Тұрар Қазанғапов Ермегияев сот залында. © Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев соңғы сөзінде өз ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев соңғы сөзінде өз ұстанымын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық компаниядан миллиардтаған қаражат жымқыру ісі бойынша атышулы іс аяқталуға жақын. Тараптарды қатар тыңдауда сотталушылардың адвокаттары сөйледі. Соңғы болып Ермегияевтің адвокаттары мен оның өзі сөз сөйледі.

"Құрметті сот, тағы да айтқым келеді, мен ешқандай да қылмыс жасамадым. Ешқандай да пара алмадым. Тағылып отырған айыптармен келісуге ниетім жоқ. Адвокаттарымды қолдаймын. Соңғы сөзімде тағы да кеңірек айтармын", - деп мәлімдеді Талғат Ермегияев.

Сотталушының барлық үш адвокаты оның кінәсін дәлелдейтін деректердің жоқ екенін айтты.

"Сот қандай да бір қылмыстық істі, соның ішінде осы бір қоғамдық пікірталасқа айналған істі зәбірлеуге айналдырмау керек. Жемқорлықпен күрес қудалауға айналмауы тиіс. Істердің барлық категориясы ҚР ҚПК-да қарастырылғанын айтқан адвокат Бейсембаевпен толықтай келісемін. Қандай да бір қоғамдық пікірталасқа айналған және эмоционалдық әсер беретін істер бойынша Қылмыстық-процессуалдық кодекске бағындырмайтын ерекше бір заң немесе ереже жоқ", - деп мәлімдеді Талғат Ермегияевтің адвокаты Данияр Қанафин.

30 мамырда прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Істің қалған фигуранттарына 3 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети