Пара алған әскери командирге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пара алған әскери командирге айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алғаны үшін бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

"Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.С.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети