03 қыркүйек 2018 18:31

Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернар Байғұрманов сыбайлас жемқорлық бабы бойынша құқық бұзды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернар Байғұрманов сыбайлас жемқорлық бабы бойынша құқық бұзды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Судья Балтабай Дунбекбаевтың төрағалығымен Павлодар тергеу соты Ернар Байғұмановты 2018 жылы 31 қазанға дейін қамауға алу туралы үкім шығарды. 

Шенеунік ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") бойынша айып тағылды. 

"Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізетін органдар жария етілмейтін тергеу шараларын жүргізді. Байғұрмановтың тарапынан заңсыз түрде қарат алғанын, арыз беруші растады, сондай-ақ тергеу материалдарында тағы басқа куәгерлер растады", - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының облыстық тергеу департаментінің тергеушісі Ергеш Ершат.

Тергеу органды мен мемлекеттік айыптаушы күдіктіні қамауға алу туралы шара қолдануын сұрады, себебі ол бостандықта болса, күдіктілерге қысым көрсетіп немесе қашып кетуі мүмкін. Қорғаушы тарап, Байғұрмановтың кепілақымен бостандыққа шығуын сұрады. Күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ және тергеуге септігін тигізетінін айтып, кепілақымен босатуын сұрады. 

Айта кетейік, күдіктіге тағылған айып бойынша, павлодарлық шенеуніктің мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенгеннен сексен еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 2018 жылы 31 тамызда ұсталлы, сол күні ол Павлодар ІІБ уақытша ұстау изоляторына жабылды. 

Айта кетейік, Ернар Байғұрманов осы қызметке өткен жылы қарашада келген. Оған дейін ол департамент басшысының орынбасары қызметінде болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети