31 желтоқсан 2019 15:12

Павлодар облыстық МКМ басшысын колонияға жіберуді сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура өкілдері Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрмановқа қатысты ақтау үкімін 11 жыл қатаң режимдегі колонияға қамау жазасына ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Прокуратура өкілдері Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байғұрмановқа қатысты ақтау үкімін 11 жыл қатаң режимдегі колонияға қамау жазасына ауыстыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық прокуратура пара алу ісі бойынша шыққан ақтау үкімінің күшін жоюды талап етті. Құзырлы органның арызын Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер алқасы қарастырып жатыр. 

"Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылғы 4 қарашада Байғұрманов, Бейсембаев және Мағзұмовты қылмыстық заңбұзушылық әрекеті болмағаны үшін ақталғандарға шыққан үкімнің күшін жоюыңызды сұраймын. Сондай-ақ, айыптау үкімін шығаруды сұраймын. Байғұрмановты лауазымды тұлғаның алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде делдал арқылы пара алды деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз", - деп оқыды мемлекеттік айыптаушы Әлия Арынғазинова.

Ол сондай-ақ Бейсембаев пен Мағзұмовты кінәлі деп тануды және пара алуға көмектескені үшін біреуіне 10 жылға, ал екіншісіне қоныс колониясында парақорлыққа делдал болғаны үшін 1 жылға қамау жазасын тағайындауды сұрады.

Үшеуі де кінәсін мойындамады. Сонымен қатар, апелляциялық сот тергеу нұсқасы бойынша шенеуніктер пара алған кәсіпкер Тасболат Абгужиновты тыңдаған. Кәсіпкердің айтуынша, оның ағасы - кәсіпкердің үш кеңсесі мен пәтерінде тінту жүргізгеннен кейін өңірдің бас салықшысына пара беруді ұйғарған.

"Тінту шараларын МКМ қызметкерлері арнайы жасақ тарту арқылы жүргізді. Олар екі КамАЗ-бен құжаттарды, техника, сейфтерді және қызметкерлердің, оның ішінде санитарлық қызметкерлердің де ұялы телефондарын алып кеткен. Біздің кәсіпорындардың жұмысы толығымен бұзылды. Осыдан кейін Байғұрмановпен кездесулер іздей бастадым. "Гамма-Талдыкөл" ЖШС отбасылық кәсіпорнына қатысты қылмыстық істі жауып, 1,1 миллиард теңгеге салық төлемеу туралы өтініш білдірдім", - деді ол сотта.

Кәсіпкердің айтуынша, пара ретінде берген ақшаны ол танысынан алған.

"Байғұрманов пен Бейсембаевпен кездесуде менде тек 200 мың доллар ғана барын айттым. Келістік, осы соманың жартысын сол күні беретін болды, ал қалған іс жабылғанда беретін болдым. Кездесу алдында мен жолдасыма қоңырау шалып, 100 мың доллар қарызға бере тұруын сұрадым. Ол маған жүргізушісі арқылы ақша салынған қара пакетті беріп жіберді, мен тіпті оны ашпадым да. Маңзұмовпен кездесіп, осы пакетті Байғұрмановқа беру үшін оның мкөлігінде қалдырдым", - деді Абгужинов.

Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, ол ақшаны қара полиэтилен пакетіне салып берген.

"Сол күні тіс емханасында болдым. Мағзұмов қоңырау шалып, бес минутқа кездесу керектігін айттым. Біз көшеде кездестік, ол маған пакет берді, Мен қайтадан тіс емханасына кірдім. Тіс емдеп болған соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бардым. Мамандар маған ақша ұстамауым керектігін айтты, мен тіпті ашып та көрген жоқпын", - деді Абгужинов.

Осыдан кейін сотталушылардың адвокаттары пакеттің мазмұнына қызығушылық танытып, оны сотта көрсетуді сұрады. Қорғаушы тараптың айтуынша, Абгужиновқа қайтарылған ақша бірінші сатыдағы сотта қаралмаған. 

"Бүгін осы 100 мың доллар айналасында бірнеше рет сұрақтар қойылды. Сұрақ туындайды, бұл жүз мың доллар болды ма болмады ма деген сұрақ қойылды. Заттай дәлелдемелер ұсынылсын, және біз барлық процеске қатысушылардың қатысуымен осы ақшаның бар-жоғына көз жеткіземіз", - деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұратқали Әкетай.

Қарашада үшеуі ақталды. Жедел шаралар барысында түсірілген аудио және бейнежазбаны сот заңсыз алынғанын көрсетіп, жол берілмейтін дәлелдеме деп атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети