Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік полицейлер өткізген брифингте айтылды.
Павлодар облысында 19 жастағы мұғалімді зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы өңірлік полицейлер өткізген брифингте айтылды.
"Күдікті ұсталды, қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Ол кінәсін мойындады", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Полицейлер ұсталған ер адамның 2016-2018 жылдар аралығында мал ұрлағаны үшін үш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын растады. Бірақ екі тараптың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған.
Еске салайық, мұның алдында Павлодар облысында мектеп маңында белгісіз біреудің 19 жастағы мұғалімді зорлап кеткені хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, мұғалім мектепке бара жатқанда жолда бір көлік тоқтаған, онда бірнеше адам болған. Олардың бірі - ауыл тұрғыны. Ол көліктен шығып, қыздың соңынан жүріп, оны әкімдіктің бұрынғы ғимаратына алып кірді. Сол жақта зорлаған дейді.
Ауылдағылардың айтуынша, ол ер адамнан бүкіл ауыл қорқады.
"Ол мал ұрлаумен айналысады. Полицейлер оны бірнеше рет ұстаған болатын, алайда қылмыстық істердің барлығын жауып келді. Психикалық ауытқуы бар қызға да тиіскен кездері болған", - деген еді ауыл тұрғындары.