Павлодар облысында 59 миллион теңгеден аса ақша жымқыру дерегі анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 59 миллион теңгеден аса ақша жымқыру дерегі анықталды Фото:gov.kz

Павлодар облысында сыртқы желілерді тарту және тұрғын үй кешенін абаттандыру жұмыстары кезінде қаржы жымқырылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында сыртқы желілерді тарту және тұрғын үй кешенін абаттандыру жұмыстары кезінде қаржы жымқырылғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, Павлодар облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері Павлодар қаласындағы "Сарыарқа" тұрғын үй кешеніне сыртқы желілерді тарту және абаттандыру кезінде, сондай-ақ Ленинск қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде қаражы жымқырылғанын анықтаған.

"А.Ахметов бюджет қаражатын жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары "АзияСпецСтрой" ЖШС, "Ман-Қожа" ЖШС және "Репер-СК" ЖШС-ны алып, оларды басқа тұлғалар атына тіркеп, кейін осы кәсіпорындар атынан мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Ахметов алдын ала сөз байласу арқылы Бекеевпен, Күлтұмановпен, Сағынаевпен және Ғаббасовпен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмаған актісіне қол қойып, осылайша мемлекетке жалпы сомасы 59 миллион теңгеден аса залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі мәліметінше, Ахметов сегіз жылға, Бекеев үш жылға, Күлтұманов, Сағынаев және Ғаббасов екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге сотталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети