Павлодар облысында 7 адам уланып өлді: күдікті 8 жылға қамалуы мүмкін

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 7 адам уланып өлді: күдікті 8 жылға қамалуы мүмкін Фото:elements.envato.com

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып қайтыс болған жеті адамның ісіне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында белгісіз заттан уланып қайтыс болған жеті адамның ісіне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл баптың санкциясында 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, полицейлер жеті адам уланып өлген сұйықтық Ертіс тұрғынының контейнерінде сақталғанын анықтады. Оны полиция ұстады.

Еске салайық, Павлодар облысының Ертіс ауылында 7 ер адам белгісіз затпен уланды. Олардың бәрі ауыл тұрғындарының бірінде канистрде сақталған белгісіз сұйықтықты ішкен. Уланғандардың үшеуі үйде, тағы екеуі Ертіс ауданының аудандық ауруханасында қайтыс болды. Кейінірек тағы бір адам қайтыс болды. Марқұмдардың арасында әке мен ұлы бар.

Бұл дерек бойынша полицейлер тексеріс жүргізіп, ауыл тұрғындарының денелері сот сараптамасына тапсырылды. Сондай-ақ, канистрдегі сұйықтық қалдықтарына сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети