18 тамыз 2021 | 17:18

Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген ер адам қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды. Ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында жанжал кезінде әйелін өртеп жіберген тұрғын қамауға алынды. Ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, соталды тергеу аса ауыр бап бойынша басталған.

34 жастағы жәбірленуші бір аптадан аса уақыт реанимацияда жатты. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалуға қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ аман алып қала алмады.

Реклама
Реклама

Өкінішке қарай, 17 тамызда жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осыған байланысты, соталды тергеу ҚР ҚК-ның 107-бабынан 106-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деді Жасқайрат Қайыров. Осы баптың санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Еске салайық, 9 тамызда ерлі-зайыпты арасындағы жанжал басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген. Әйел 17 тамызда түстен кейін қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная