10 тамыз 2021 09:33

Павлодар облысында ер адам жанжал кезінде әйелін спирт шашып өртеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pexels.com Фото: pexels.com

Павлодар облысының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына спирт құйып, өртеп жіберген. Денесін қатты күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде жұбайына спирт құйып, өртеп жіберген. Денесін қатты күйік шалған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, оқиға Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде болған.

"Ерлі-зайыпты арасындағы жанжал түнде басталған. Күйеуі мас күйінде көлігімен кетуге тырысқанда әйелі оны тоқтатпақ болған. Жанжал барысында күйеуі тоңазытқыштан спирт алып жұбайына құйып, от жағып жіберген", - деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция ер адам бірден отты сөндіре бастағанын, одан жанып жатқан киімді шешіп, жедел жәрдем шақырғанын айтты.

Күйік алған әйел Павлодар ауруханасына жатқызылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер 34 жастағы зардап шегуші денесінің 50 пайызын күйік шалғанын және жансақтау бөлімінде жатқанын айтты. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған.

"Оқиға орнына бірінші болып келген медицина қызметкерлерінің айтуынша, ер адам әйелі екеуі бір-біріне спирт құйып, от жағып ойнап, көңіл көтермек болғандарын айтты", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер ақпараты бойынша, сол күні ерлі-зайыпты ата-анасының мерейтойында болған.

Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу басталды.

Баптың санкциялары 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салуды, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети