Павлодар облысында әйелін өртеп жіберген тұрғын сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Павлодар аудандық соты айыпталушыны әйелін қасақана өртеп жібергені үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар аудандық соты айыпталушыны әйелін қасақана өртеп жібергені үшін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, оқиға биыл тамызда болған. Розовка ауылында отбасылық жанжал кезінде ер адам тоңазытқыштан ішімдік алып, әйелінің үстіне шашып, оттықпен өртеп жіберген. Ерлі-зайыпты арасындағы кикілжің әйелі күйеуіне мас күйде көлік жүргізуге тыйым салған соң туындаған. 34 жастағы жәбірленуші жансақтау бөліміне түсіп, кейін қайтыс болды.

"Сотталушы адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Оның айтуынша, әйелімен жанжалдасып қалғаннан кейін татуласып, ас үйде салаттар дайындауға кіріскен. Банкаларды зарарсыздандырмау үшін спиртпен сүртуді ұсынып, ол үшін тоңазытқыштан бір бөтелке алкогольді алып, үстелдің үстіне ашық қалдырған. Бөтелке кейінірек құлап, оның және жұбайының үстіне төгілген. Ер адамның айтуынша, кейін ол әйелінен адам қалай жанатынын көргісі келе ме деп сұрап, әзілдеп өзін өртеп жіберген. Қолындағы отты сөндіре бастағанда, ұшқындар еденге түсіп, кейін жалын әйеліне тараған. Ол әйелінің үстіне су құйып, жедел жәрдем шақырған.

Сот айыпталушының берген жауабына күдікпен қарады.

Айта кетейік, жәбірленуші тарап айыпталушыға ең төменгі мерзім беруді талап еткен.

"Сот жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындау, шын жүректен өкіну, тергеуге белсенді көмек көрсету, соттылығының жоқтығы және екі кішкентай баланың болуын ескерді", - деді соттың баспасөз қызмет өкілдері.

Еске салайық, оқиғадан кейін бірден полиция қызметкерлері денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастап, кейін іс аса ауыр бапқа ауыстырылып, күдікті қамауға алынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro