Аудандық прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атқан полиция қызметкері Железин ауданының 29 жастағы аға тергеушісі Рахым Оңбаев болып шықты. Бұл туралы зардап шеккен қызметкердің әкесі Нұрлан Оңбаев мәлімдеді. Ер адам болған оқиғаның егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудандық прокуратура ғимаратында өз-өзіне оқ атқан полиция қызметкері Железин ауданының 29 жастағы аға тергеушісі Рахым Оңбаев болып шықты. Бұл туралы зардап шеккен қызметкердің әкесі Нұрлан Оңбаев мәлімдеді. Ер адам болған оқиғаның егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция қызметкерінің әкесінің айтуынша, 23 мамырда ұлын шұғыл түрде прокуратураға шақырған.
"Оқиға жексенбіде болды. Ұлым жұмысқа кеткен еді, бірнеше сағаттан кейін оның ауруханаға түскенін айтты. Рахымның айтуынша, сол күні оны прокуратураға бірнеше рет шақырған, соңғы рет ол алты сағатқа дейін құжаттарға қол қойып шықты. Сол кезде ол жұмыс бөлмесінде прокуратура қызметкерлері ішімдік ішіп отырғанын көрген. Ұлым олардың әрекетіне наразы болған. Олар не айтқанын білмеймін, мүмкін қорлаған шығар. Бірақ олар шектен шыққан. Ұлым ашудан өзіне оқ атқан. Оның айтуынша, оқ атылғаннан кейін ол құлаған, ал прокуратура қызметкерлері көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырудың орнына видеоларды өшіріп, кеңсені тазалай бастаған", - дейді қызметкердің әкесі.
Ер адамның айтуынша, ұлы сол жерден жергілікті полиция қызметінің бастығын көріп қалған. Ол прокуратурада өз жұмыстарымен келген. Жедел жәрдемді де сол шақырған.
Айта кетейік, chinovnik Telegram-арнасында оқиғаның тағы бір нұсқасы бар жазба пайда болды.
"23 мамырда кешкі уақытта Железин ауданының прокуроры (.....) мас күйде Железин ауданы полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция майоры 1992 жылы туған Рахым Нұрланұлы Оңбаевты Тәуелсіздік көшесі 21, № 13 мекенжайындағы қызметтік бөлмесіне жеке қарым-қатынасын анықтау үшін шақырды. Сағат 18:08-де басталған қақтығыс барысында аға тергеуші Оңбаев табельдік қарудан оң иығының алдыңғы тұсынан оқпен жарақат алды".
Бұл жазбаға қатысты Павлодар облысының прокуратурасы кейінірек түсінік беруге уәде береді.
Зардап шеккен полицейдің туыстары бұл оқиғаға жаңадан тағайындалған прокурордың көмекшісін кінәлап отыр.
"Прокурордың жаңа көмекшісі келісімен Рахым жиі жұмыста қалатын болды. Ол оған үнемі кінә тағып, күніне бірнеше рет жұмыс бөлмесіне шақыратынын айтты. Былтыр тамызда ол мерзімінен бұрын полиция майоры атағын алды. Ол өз жұмысын өте жақсы көреді. Оны бәрі сабырлы және байсалды адам ретінде біледі. Оның отбасы бар, 4 жасар ұлы өсіп келеді", - деді Оңбаев.
Полицейдің туыстары кінәлілерді тауып, жазалауды талап етеді.
"Менің ұлымды осындай жағдайға жеткізген адамдар тиісті жазаға тартылуы керек. Мұндай қызметкерлер прокуратура қатарында жұмыс істемеуі керек деп санаймын", - деді полицейдің әкесі.
Бұған дейін Павлодар облысында полиция қызметкері аудандық прокуратура дәлізінде өзіне оқ атқаны хабарланған болатын. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір полицейлер әріптесінің бұл әрекетіне не себеп болғанын анықтап жатыр.
Полиция мәліметі бойынша, 24 мамырда мессенджерлерде Железин ауданының аға тергеушісі табельдік қарудан өзін-өзі атып өлтіргені туралы хабарлама пайда болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!