Павлодар облысында жүкті тәрбиеші үш жасар баланы соққыға жыққаны үшін тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысында жүкті тәрбиеші үш жасар баланы соққыға жыққаны үшін тергеуге алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Ақсудағы балабақшалардың бірінде болған. Баланың ата-анасы тәрбиешінің үстінен полицияға арыз жазған.
Баланың анасының айтуынша, ол ұлын балабақшадан алғаннан кейін оның кеңсірігінен қанды ісікті көрген.
"Сол күні тәрбиеші хабарласып, ұлымның оның баласын тістеп, ол оны итергенде мұрынын жарақаттап алғанын, ал үйге келген соң ұлым балабақшада оны соққыға жыққандарын айтты. Келесі күні балабақшаға барып, бақылау камераларының жазбасын көрдім", - деді баланың анасы.
Әйелдің айтуынша, педагог оның баласын еденге лақтырып, тепкен. Оны көрген өзге балалар да оны тебе бастапты.
"Бірнеше кадрдың өзі жеткілікті болды, одан әрі қарай алмадым. Директордың кабинетінде ол ақталып, кешірім сұрап, жүктілігінің кесірінен ашуланғанын айтты", - деді баланың анасы.
Сол күні баланың ата-анасы полицияға арызданды.
Павлодар облысы Ақсу білім бөліміндегілердің айтуынша, тәрбиеші қазір балалармен жұмыс істемейді. Сонымен қатар, бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 141-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.