Павлодар облысында зейнеткерлерді аяусыз өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысында зейнеткерлерді аяусыз өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысындағы Майқайың ауылының тұрғыны 76 жастағы ер адам мен 78 жастағы әйелдің мүрдесін тауып алған. Әйел адам лезде полицияға хабарлаған.
Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі осы іске Екібастұз ішкі істер басқармасы мен Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің ең тәжірибелі мамандары жұмылдырылғанын және өңірлік ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтың басқаратынын айтты.
Полицейлер қылмыстың бірнеше нұсқасын қарастырды. Кешенді жедел іздеу және тергеу шаралары барысында күдіктінің кім екені анықталып, ол ұсталды. Ол Майқайың ауылының 27 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол қайтыс болған зейнеткерлермен бір көшеде тұрған.
"Өзінің тұрақты табысы болмағандықтан, зейнеткерлердің үйіне шабуыл шасаған. Үйге кіреберістен бастап, ол ерлі-зайыптыға бірнеше мәрте пышақ салған. Үйден ақша мен бағалы заттар таппаған соң ол банк картасын алып кеткен", - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер қылмыс қаруы болған пышақты да тапқан. Күдікті қамауға алынды.
Облыстық ІІД өкілдері осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталғанын айтты. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр.