13 тамыз 2014 | 22:42

Павлодар облысындағы күрежол бойынан екі адамның мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото azh.kz Фото azh.kz

Павлодар облысындағы күрежолдың бойынан екі ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысындағы күрежолдың бойынан екі ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі адамның мәйіті "Омск-Павлодар" күрежолының Павлодар облысы аумағында орналасқан Чернорецк ауылы маңынан табылған. "Олардың бірі 1960 жылы туған болса, ал екіншісі 1964 жылғы. Болжам бойынша, олар жол көлік апаты салдарынан қайтыс болған. Оларды көлік қаққан. Жол апаты мен кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Алайда жергілікті тұрғындар жуырда белгісіз біреулердің екі адамды арматурамен ұрып жатқанын көргендерін айтып отыр. Анықталғанындай қайтыс болған әлі екі адам Чернорецк ауылы маңындағы республикалық маңызға ие жолды жөндеумен айналысқан. Алайда жол жөндеу фирмасының басшылары бұл мәліметті растаған жоқ.

"Бізге белгілісі қайтыс болған адамның біреуі жергілікті тұрғын екен. Ол дәл қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан тасжолда краншы қызметін атқарыпты. Ал қайтыс болған екінші адам болса Павлодар облысының тұрғыны екен", - деді Чернорецк ауылдық округының әкімдігіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети