Павлодар облысында жүкті әйел күйеуін пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жүкті әйел күйеуін пышақтаған

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылында 28 жастағы әйел азаматтық некеде тұрған жұбайын пышақтаған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылында 28 жастағы әйел азаматтық некеде тұрған жұбайын пышақтаған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары"

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тереңкөл ауылында жұмыссыз әйел өзінің құрбысымен ішімдік ішкен.

"Үй иесі осы уақытта ұйықтап жатқан. Оянған соң 28 жастағы ер адам құрбысының отырғанына наразылық білдірген. Оның үстіне, әйелі жүкті болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, әйел үстелден ас пышағын алып, ер адамның кеудесіне ұрған. Кейін өз іс-әрекетінен қорқып, үйден қашып кеткен. Құрбысы жедел жәрдем шақырған. Бірақ ер адам көмек келгенше қайтыс болған, - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети