Павлодар обылысында жаппай төбелес болды: 1 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар обылысында жаппай төбелес болды: 1 адам қаза тапты © Kp.ru

Павлодар облысының Ақсу қаласында жастар арасында төбелес болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төбелес барысында қару-жарақ қолданылған. Павлодар облысының полицейлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының Ақсу қаласында жастар арасында төбелес болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Төбелес барысында қару-жарақ қолданылған. Павлодар облысының полицейлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Жанжалдың салдарынан 19 жастағы жігіттің кеудесіне оқ тиген, тағы бір 22 жастағы жергілікті тұрғын жарақатпен Ақсу орталық ауруханасына жеткізілді.

"Жас жігіт травматологиялық бөлімшеде жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Екінші жігіт ауруханаға әкеле жатқан жолда қаза тапты", - деді Ақсу ауруханасының қызметкерлері.

Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, төбелес жергілікті тұрғындар мен сырттан келген жастардың арасында шыққан. Полиция өкілдері жанжалға қатысты деректерді растаса да, оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

"Әзірше мұның жастар арасындағы жәй төбелес екенін айта аламын. Төбелеске қатысқандар жасөспірімдер емес, ересек адамдар. Оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Ақсу әкімдігінің қызметкерлері оқиғаның қала территориясында болғанын растады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети