10 мамыр 2022 18:15

Павлодар орталығында жол бойында төбелескендер видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Павлодар орталығында жол бойында төбелескендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар орталығында жол бойында төбелескендер видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер түсіріп алған видеода ер адамдардың бірі жолда жатқан біреуді ұрып, тепкенін байқауға болады. Жігіттердің қасында ажыратып жүрген қыз бала барын да байқайсыз. Осы сәтте тағы бір адам төбелеске араласып кетеді. Ол ер адамдардың бірін теуіп, жолға құлатады. Құлаған ер адам жүк көлігінің артында қалады. Сосын ажыратып жүрген тағы бір қызға соққы тиеді. Жанжалға бірер сәттен соң тағы бірнеше адам араласқанын байқауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kolesa.kz (@kolesa_14)

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растап, тексеріс жүріп жатқанын хабарлады. 

"Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталды, олар өзара таныс, мерекені тойлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс басталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети