Павлодар облысының полицейлері Ақсу қаласында болған төбелеске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, төбелес салдарынан бір адам қаза тапқан болатын.

"10 сәуірге қараған түні Ақсу қаласындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 20-25 жас аралығындағы жастар арасында жанжал шығады. Кейін олар далаға шығып, жанжалды жалғастырған. Оның соңы төбелеске ұласады. Төбелеске қатысушылардың бірі аң аулайтын мылтықтан оқ атып, салдарынан 19 жастағы жігіт жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Сонымен қатар, 24 жастағы тағы бір адам ауруханаға жеткізілді", - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицейлердің мәліметінше, осы дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр. "Кісі өліміне барды деген күдікпен Ақсу қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленіп, заттай айғақтардың қатарына тіркелді. Оқиғаның мән-жайы тергеу амалдары кезінде анықталады", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері. Төбелеске қатысқандардың аты-жөні толықтай анықталды.