Павлодар полициясы WhatsApp-та тараған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар полициясы WhatsApp-та тараған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жауап берді видео кадры

Павлодардағы WhatsApp-чаттарда жантүршігерлік видео тарады. Автор мектеп оқушылары такси жүргізушісінің көлігін алу үшін оны бауыздап тастағанын жазған. Оның айтуынша, жантүршігерлік оқиға Павлодарда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы WhatsApp-чаттарда жантүршігерлік видео тарады. Автор мектеп оқушылары такси жүргізушісінің көлігін алу үшін оны бауыздап тастағанын жазған. Оның айтуынша, жантүршігерлік оқиға Павлодарда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

"42 жастағы жүргізуші қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Ал сегізінші сынып оқушысы мен лицей оқушылары тергеу изоляторында куәлік беріп жатыр. Жасөспірімдер полицияға жақсы таныс болып шықты: бір апта бұрын олар бейнебақылау камерасы астында нағыз шоу қойыпты. Алдымен бұзақылар жақын маңдағы көліктің әйнегін сындырған, содан кейін камераға қарап лезгинка билеген", - делінген чаттарда тараған хабарламада.

Видеода полицияның жерде қансырап жатқан адамды қалай құтқармақ болғаны көрсетілген.

Павлодар облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жіберілген видео мен оған жазылған мәтін бір-бірімен байланысты емес. Бұл видеода түсірілген оқиға 2023 жылы 24 қаңтарда Алматыда болған. Мәтінде көрсетілген оқиға 2012 жылы Павлодарда болған. Күдіктілер сотталған", - деді полиция өкілдері.

Полиция тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Еске салайық, 24 қаңтарда Алматыда көлік ұрлаған ер адам өзіне пышақ сұғып алған болатын. Әлеуметтік желіде жерде жатқан ер адамды полиция қызметкерлері ұстап алғаны түсірілген видео пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети