Павлодар соты 12 жастағы қызды зорлаған өзбекстандық педофилді бас бостандығынан айырды

08 Мамыр 2015, 14:15
0
Павлодар соты 12 жастағы қызды зорлаған өзбекстандық педофилді бас бостандығынан айырды - @РИА Новости
@РИА Новости

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған Өзбекстан азаматы 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап. Соттың мәліметінше, қызды зорлаған 37 жастағы ер адам қаладағы туыстарының үйіне қонаққа келген.

Павлодар мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес қылмыскер жазасын қатаң тәртіптегі абақтыда өтейтін болады. Сот процесі жабық түрде өтті. Сотталушының 12 жастағы қызды зорлап, кейін ұрғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда ер адам жеті жасар қыз баланы зорлағаны хабарланған болатын. "Оқиға күні 55 жастағы ер адам ауылда мас болып жүріп, танысының үйіне келген. Үйде ересек адамдар болмаған, кәмелетке толмаған балалар теледидар қарап отырған", - дейді полициядағы ақпарат көзі. Педофил бір бөлмеде жалғыз отырған 7 жастағы қыз балаға тиіскен, кейін жедел жәрдем дәрігерлері оны ауруханаға жеткізді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай