26 қараша 2021 | 12:51

Павлодар сотында прокуратура қызметкерлерінің даулы видеосы көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицей Рахым Унбаев Полицей Рахым Унбаев

Павлодар қалалық соты Железин аудандық прокуратурасы ғимаратында полицей өзіне оқ атқаннан кейін прокурорлар не істегені түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар қалалық соты Железин аудандық прокуратурасы ғимаратында полицей өзіне оқ атқаннан кейін прокурорлар не істегені түсірілген видеоны көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнебақылау камераларына түсірілген видеода қызметкерлер зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына прокуратура ғимаратынан сөмке мен бөтелкелерді асығыс алып шыққаны көрінеді. Осы видеоның үзіндісі биыл күзде Желіде пайда болды. Видео резонанс тудырғанымен, құзырлы органдардан ешқандай түсініктеме болған жоқ.

Видео Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды.

Бұл ретте, видео Павлодар қалалық сотында Железин ауданы прокурорының бұрынғы орынбасары Әлібек Айтжановтың Павлодар облысы прокуратурасына қарсы шағымын қарау кезінде көрсетілген. Жұмыстан босатылған прокурор оны жұмысқа қайта алуды және мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылғаны үшін жалақысын қайтаруды талап еткен. Сот мәліметінше, прокуратураның экс-қызметкері Ар-намыс кодексі мен қызметтік тәртіпті бұзбағанын айтып, өз талаптарын алға тартқан.

"Айтжанов жұмыс кабинетінде ішімдік қолданғаны медициналық куәландырумен расталмағанын айтып, прокуратура ғимаратынан квас және лимонад бөтелкелерін шығару оқиға орнындағы жағдайды өзгертпеді деп санайды", - деді іс бойынша төрағалық етуші судья Ажар Баймұхамбетова.

Сот прокурордың бұрынғы орынбасарының әрекетін дұрыс емес деп танып, талапты қанағаттандырудан бас тартты.

"Айтжанов жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларына қайшы келетін, прокуратура органдары беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол берді, бұл, атап айтқанда, белгісіз банкаларды, бөтелкелерді шығару, жараланған полиция қызметкеріне көмек көрсетпеу, жағымсыз қоғамдық резонанс үшін жағдай жасау", - деп түсіндірді Баймұхамбетова сот шешімі жарияланғаннан кейін.

Сондай-ақ, сот талапкердің Павлодар облысы прокуратурасына қойылған талап арызы бойынша қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік комиссияның қорытындысы хаттамасының және шешімінің күшін жою бөлігінде азаматтық істі тоқтату туралы ұйғарым шығарды.

Айта кететін жайт, бұл даулы оқиғаға қатысы бар екінші тұлға, Железин ауданының экс-прокуроры Кәрім Шұғаев та бұрынғы қызметіне қайта алынбады. 23 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының апелляциялық алқасы Есіл аудандық сотының оны жұмысқа қайта алу туралы шешімін бұзып, жаңа шешім шығарды, онда талапкердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімдері заңды күшіне енбеді.

Павлодар облысында өзіне оқ атқан полицейдің туыстары оқиғаның мән-жайын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети