13 маусым 2022 13:25

Павлодар тұрғыны баласына үш миллион теңге қарыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pavlodarnews.kz / Константин Шелков Фото: pavlodarnews.kz / Константин Шелков

Ер адам алты жыл бойы алимент төлемей келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 


Ер адам алты жыл бойы алимент төлемей келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алимент төлемеген павлодарлыққа бұрынғы әйелі шағымданды. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде қарыз сомасы шамамен үш миллион теңгеге жеткен.

"Қалалық полицияға 28 жастағы павлодарлық әйел арызданды. Оның сөзінше, 38 жастағы бұрынғы күйеуі 2016 жылдың қарашасынан бері баланы бағу үшін ақша төлеу туралы сот шешімін орындамаған. Қарыз сомасы - 2 миллион 745 мың теңге", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері ер адам қайда жасырынып жатқанын анықтады. Полиция тексеруді бастады.

Ведомство өкілдері жыл басынан бері алимент төлемеген 106 борышкер табылғанын қоса айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети