Павлодар тұрғыны қымбат пәтердің суретімен 40 қазақстандықты алдаған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны қымбат пәтердің суретімен 40 қазақстандықты алдаған Иллюстрациялық сурет: elements.envato.com

27 жастағы павлодарлық келіншек қымбат пәтердің суреті арқылы 40 қазақстандықты алдаған. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 жастағы павлодарлық келіншек қымбат пәтердің суреті арқылы 40 қазақстандықты алдаған. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр ұсталған азаматша OLX сайтында қолжетімді бағамен пәтер жалдау туралы хабарландырулар орналастырғанын айтады.

"Күдікті келіншек адамдарды қызықтыру мақсатында интернеттен қымбат пәтерлердің суреттерін пайдаланған. Қоңырау шалғысы келгендерге бос емес екенін, басқа қалада іссапарда жүргенін айтып телефонға жауап бермеген. Сондай-ақ, пәтерге сұраныс көп екенін айтып алдын ала төлем аударуды сұраған. Банк картасына төлем аударылғаннан кейін байланысты үзіп отырған. Байланыс негізінен WhatsApp желісі арқылы жүзеге асқан", - деп түсіндірді Скляр.

Полицейдің мәліметінше, алданғандар 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін аударып отырған. 

"Ұсталған азаматшаның Қазақстан аумағында интернет-алаяқтық дерегінің 40-на қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Скляр.

Қазір күдікті қамауда отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети