23 мамыр 2015 | 16:18

Павлодар тұрғыны өзінің жиенін мәскеулік кәсіпкерге 500 мың долларға сатпақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны жиенін мәскеулік кәсіпкерге 500 мың долларға сатпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар тұрғыны жиенін мәскеулік кәсіпкерге 500 мың долларға сатпақ болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Павлодар ІІБ оңтүстік бөлімшесіне әйел адам хабарласып, 19 мамырда қызын ұрлап кеткенін мәлімдейді. Дегенмен полиция қызметкерлері әйелдің арызын қабылдамайды. Қыздың анасы "Нұр Отанның" көмегіне сүйенеді. Олар әйелді прокуратураға жіберген.

"Біз өзіміздің қызметкерімізге әйелді Оңтүстік полиция бөлімшесіне апаруды тапсырдық. Осы жолы ғана әйелдің арызын "Адам ұрлығы" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алған", - деді прокурордың орынбасары Ерлан Алмазұлы.

Дегенмен, екі күн өткеннен кейін қыздың анасы полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты прокуратураға қайта келуге мәжбүр болды. "22 мамырда қыздың анасы келіп, полицейлердің ешқандай шара қолданбай отырғандарын айтты. Біз қыздың қай жерде екенін анықтауды тапсырдық, сосын полицейлер қызды тауып, оны Оңтүстік бөлімшеге алып келді. Жәбірленуші қазір анасымен бірге полиция бөлімшесінде, одан жауап алынып жатыр. Сонымен қатар, ұрлап кеткен адамның кім екені анықталып жатыр. Қыздың айтуынша, ол әкесінің ағасы болған. Ер адам 42 жастағы Мәскеу кәсіпкеріне қызды тұрмысқа беріп, қалың мал ақысына 500 мың доллар сұраған", - деді Павлодар прокуратура қызметкерлері.

Қыздың айтуынша, өзінің күйеу жігітін ол Интернет арқылы бір рет қана көрген. Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған кәсіпкерге қыз келіспейтіндігін айтады. Содан кейін оны ұрлап кеткен. Қыздың айтуынша, тұрмысқа шығуға келісім бермесе, оның анасы мен інісін өлтіретінін мәлімдеген. Туыстарының өміріне алаңдаған қыз олардың айтқанына көнеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети