19 қаңтар 2017 | 21:31

Павлодар тұрғыны туған ағасының аяусыз өлтірілгенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық Мейрам Байілдинов туған ағасының аяусыз өлтірілгені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Instagram желісінідегі өз парақшасында мән-жайды баяндады. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарлық Мейрам Байілдинов туған ағасының аяусыз өлтірілгені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Instagram желісінідегі өз парақшасында мән-жайды баяндады. 

Қатты соққылардан көз жүмған жігіттің өлі денесі Ломов көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылған. "Мені ағамнан айырған адам оны өз пәтерінде шегесі шығып тұрған таяқпен, банкамен ұрып, тоғызыншы қабаттан бірінші қабатқа сүйреген. Бірінші қабатқа түсіріп қайта тепкі астына алады. Кейін лифтпен оны қайта пәтеріне алып кіріп, ұйықтап қалған. Осы кезде ағам әлі тірі еді, ол болса дәрігерлер шақыруды да ойламаған. Кейін ол екі күн қаланы шарлап, жуынатын бөлмесінде жатқан өлікті тастайтын орын іздеген", - дейді павлодарлық жігіт. 

Жігіт қылмыстық істің жедел қаралуына рұқсат бергені үшін қатты өкінеді екен. "Ағамның өлімін естіп, мен есеңгіреп қалдым. Мен полиция бөлімшесінде не істеу керегін білмедім. Олар маған қол қоюға берген қағаздар ішінде жедел сот процесіне рұқсат болған. Бұл құжат істің сотта қаралу мерзімін екі есе қысқартып, ең бастысы - жазаны жеңілдетеді екен. Осылайша, ол 12 жыл орнына алты жалға ғана сотталды", - дейді Мейрам Байілдинов. 

Пвлодарлық жігіт істің қайта қаралуына қол жеткізбек. "Мен адамды бостандығынан айырып жатқанымды білемін, бірақ, ол мені ағамнан айырды. Ал кейін оның қызына әкесінің оларды тастап кетпегенін, адам қолынан өлгенін айту керек боламын", - дейді Павлодар тұрғыны. Қазіргі кезде сот істі толық қарау туралы өтінішті қабыл алған. 

22 жастағы айыпталушының ісі сотта қаралып жатыр. 

27 жастағы Рустам Байілдиновты тепкі астына алып жатқан сәт түрғын үйдің кіре берісіне орнатылған камераға түсіп қалған. Көз жұмған адам айыпталушының үйінде уақытша тұрып жатқан болатын. Оның артында әйелі мен үш жастағы қызы қалды. 


Мейрам Байілдиновтың жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети