13 қараша 2015 12:34

Павлодарда 18 жастағы қызды колледжден ұрлап кеткендер ұсталмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рavlodarnews.kz © Рavlodarnews.kz

Павлодарлық полицейлер 18 жастағы Лида Можехоеваның ұрлығына қатысты істі тергеуді тоқтатты, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Агенттіктің жолдаған ресми сауалына Павлодар облысының ІІД-нің баспасөз қызметі берген ресми жауабында полиция мәскеулік азамат Ахмад Мистоевты (басқа ақпарат бойынша қазақстандық Ахмет Әмірханов) таба алмағанын жазған.

"Сотқа дейінгі тергеу материалы бойынша ҚР ҚК-нің 125-бабына сәйкес ("Алдын ала мәміле бойынша ұйымдасқан тобының адамды ұрлауы") ҚР ҚПК-нің 45-б, 7-б, 3-т. негізінде азаматша Л-ның ұрлануын тергеу мерзімін тоқтату жөнінде шешім қабылданды", - деп жазылған ведомство ұсынған жауапта. ҚР ҚПК-ның көрсетілген бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мерзімі күдікті, айыпталушы қылмыстық қадағалау органынан жасырынғанда, олардың орналасқан жері басқа да себептермен анықталмаса тоқтатылады.

Еске сала кетейік, Лиданы колледжге сабаққа бара жатқан сәтте ұрлап кеткен болатын. Бұдан кейін отбасымен 17 жыл тұрмаған әкесінің туыстары үйінде үш күн ұстаған. Бойжеткенді анасын өлтіреміз деп қорқыту арқылы суреттен ғана көрген 42 жастағы ер адамға некеге отыруға күштеген. Рavlodarnews.kz АА-де жарияланған материал және Павлодар қалалық прокуратурасының жедел әркет етуінің арқасында қыз құтқарылды. Алайда анасы Лиданың полициядан өтінішін алуы үшін әйелге қоқан-лоқы жасала бастаған. Бұдан кейін Алматы, Мәскеу және Назрань қалаларының ақсақалдары Лида Можехоеваны алып қашу кезіндегі ұлттық салт-жоралғылардың сақталуын анықтау мақсатында Павлодарға ат басын тіреді. Бір ай өткен соң қыздың анасы Лейла Теміркеева агенттікке бұрынғы күйеуінің туыстарымен татуласқанын айтқан. Дегенмен Лиданың мәскеулік жігітке тұрмысқа шығуға ниеті жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети