20 қаңтар 2022 16:33

Павлодарда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет Иллюстрациялық сурет

Павлодарда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, Қазақстанның 59 жастағы азаматы 2003 жылы шілдеде Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген.

"Сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамнан "ешқайда кетпеу туралы қолхат" алынған. Алайда сол кезде 40 жаста болған ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Осы жылдар ішінде іздестіріліп жатқан қылмыскер Павлодар қаласында тұрған", - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адам мемлекетаралық іздеуде жүргені туралы ақпаратты Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети