05 қараша 2017 | 10:09

Павлодарда 19 жастағы жігіт қыз үшін төбелескендерді ажыратамын деп қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар ауруханасында төбелес кезінде пышақ жарақатын алған 19 жастағы жігіт көз жұмды, - деп хабарлайды "Павлодар Онлайн".


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар ауруханасында төбелес кезінде пышақ жарақатын алған 19 жастағы жігіт көз жұмды, - деп хабарлайды "Павлодар Онлайн".

Павлодар облыстық ІІД бұл деректі растады.

"2017 жылдың 29 қазанында таңғы сағат 5-терде төбелес кезінде 21жастағы жігіт 19 жастағы жігітке пышақ салған. Салдарынан зардап шеккен жігіт ауруханада қайтыс болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.

Ал куәгерлердің айтуынша, бұл төбелеске қызғаныш себеп болған.

"Сүйіктісі Instagram желісіне басқа бір жігітпен түскен суретті салған. Жігіті мұны көріп, қарсыласын орнына қоймақшы болып, оған достарымен бірге барады. Содан үшеуі бір адамға жабылып, салдарынан бұл жағдайға және төбелеске қатысы жоқ 19 жастағы жігіт қайтыс болған. Ол тек төбелесіп жатқандарды ажыратпақшы болған. Бірақ нәтижесінде бірнеше пышақ жарақатын алған", - деді куәгерлер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети