Павлодарда 19 жастағы жігіт кішкентай қызды зорлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 19 жастағы жігіт кішкентай қызды зорлаған

19 жастағы жігіт бала зорлағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.  

Ер адам "кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық" және "Бірнеше рет, көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас" баптары бойынша айыпталған. 

"Сот 1999 жылы туған павлодарлық тұрғынды қылмыс жасады деп таныды. Сот үкімімен оған 16 жылға бас бостандығынан айыру, өмір бойына педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру, кәмелетке толмағандармен байланысты жұмысқа орналасу құқығынан айыру, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың тәртібіне қатысты қандай да бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалары тағайындалды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Азғын жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сот оны жәбірленуші тараптың заңды өкіліне 500 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттеді.

Сот процесі жабық тәртіпте өтті. Сот үкімі бойынша, ер адам баланы өткен жылдың күзінде зорлаған. Айып тағылғаннан кейін ер адам қамауға алынған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети