Павлодарда 21 жастағы жігіт өзін-өзі "ұрып-соқты"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 21 жастағы жігіт өзін-өзі "ұрып-соқты" ©aktau-business.com

Павлодарда полицейлер жалған шағым түсірген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полицейлер жалған шағым түсірген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияға 21 жастағы жігіт хабарласып, белгісіз біреулердің оны ұрып-соғып, ұялы телефонын алып кеткені жайлы мәлімет берген. Осы дерек бойынша "Тонау" бабымен қылмыстық іс қозғалды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасаған күдіктінің аты-жөнін анықтап, ұстау үшін жедел-тергеу шараларын өткізді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жәбірленушіден жауап алу кезінде жігіт көшеде өзі құлап қалып, тізесін жарақаттап алғанын айтқан. Бұдан кейін, жігіт ұялы телефонын шұлығына тығып қойып, өтіп бара жатқан адамдарға біреулердің ұрып-соғып, тонап кеткені жайлы айтып, полиция шақыртуды сұраған. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

"Ер адамға қатысты ҚР ҚК 419-бабы 2-бөлігі - "Көпе-көрінеу жалған сөз жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети