Полицейлер сауда үйіндегі автокөлік құрал-жабдықтарын ұрлады деген күдікке ілінген әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".
Полицейлер сауда үйіндегі автокөлік құрал-жабдықтарын ұрлады деген күдікке ілінген әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық Назарбаев даңғылындағы тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің бірінде болған.
"Облыстың 25 жастағы тұрғыны сөредегі тауарларды қарап тұрып, қызығушылық білдірген сатып алушының кейпін танытқан. Бұдан кейін сөредегі Neoline маркалы бейне-тіркеушісін еркін ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін сол сауда орталығында осыған ұқсас әдіспен сөреден Neoline X Cop 9100 маркалы бейне-тіркеушісін ұрлаған. Күдікті осымен шектеліп қалмай, бір аптадан кейін іс-әрекеттерін ешкім байқамағанына көз жеткізіп, Starlinе А93 ECO автокөлігінің дабыл құрылғысын қолды қылған", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Қалалық полиция басқармасы орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтады.
Барлық фактілерге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматша қамауға алынды. Тергеу жалғасады.