Павлодарда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Павлодарда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 маусымда банк қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жолымен өндірілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 28 жастағы павлодарлық қызметкер анықталып, ұсталды. Ол күдікті адамдармен Telegram әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шыққан. Олар тұрғындарға несие алуға ұсыныс жасап, СМС-кодтар, карта нөмірлерін алдап алған. Содан кейін құпия деректер арқылы олардың шотынан ақша ұрланған.

"Тергеу-жедел іс-шараны өткізу барысында күдікті павлодарлықтың жасалған қылмысқа қатысы бар екені анықталды, онда көрсетілген схема бойынша Ақтоғай ауылының 42 жастағы тұрғынынан 3,9 миллион теңге сомасында ақша қаражатын иемденген. Осы факт бойынша полиция Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімінің 4-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Павлодар облысының ПД бастығы Василий Скляр.

Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарға әсіресе егде жастағы азаматтарға қырағы болуға және мұндай қоңырауларға сенбеуге шақырады.

"Алаяқтарға құпия деректерді бермеңіз. Жеңіл ақша табуды ұнататындар, егер сізге әлеуметтік желілер арқылы "дропер" немесе "курьер" жұмысы ұсынылса және бұл жұмыс заңсыз әрекеттермен байланысты болса, қылмыстық жауапкершілікті есте ұстаған жөн. Полиция мұндай ұсыныстан бас тартуға және заңсыз әрекеттерге қатыспауға кеңес береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети