Павлодарда Алматы ҰҚК департаментінің жалған қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Алматы ҰҚК департаментінің жалған қызметкері ұсталды Фото novayagazeta-ug.ru сайтынан алынды

Павлодар облысында Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жалған қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жалған қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

ҰҚК департаментінің жалған қызметкері Шығыс Қазақстан облысының 24 жастағы азаматы болып шықты. Бұл азамат ұлттық қауіпсіздік қызметкерінің жалған құжатымен ұсталған. "Қалада жүргізілген рейд барысында Горкий мен Абай көшелерінің қиылысында Toyota маркалы көлік жүргізушісі тоқтатылған. Тексеріс кезінде жас жігіт Алматы қаласы ҰҚК  департаменті қызметкерінің қызметтік құжатын көрсетті. Кейін белгілі болғандай құжат жалған болып шықты", - дейді ведомстваның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкері құжатты тексеру кезінде жалған құжат пен  нағыз құжатты ажырататын техникалық белгілеріне назар аударған. Жалған құжатпен жүрген азамат тұтқындалып, ішкі істер органына жіберілді. Бұл іске қатысты әлі де тергеу жұмыстары жүруде.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети