Павлодарда анасынан зәбір көрген үш жасар қыздың әпкесін әкесі алып кетпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда анасынан зәбір көрген үш жасар қыздың әпкесін әкесі алып кетпек Сурет әлеуметтік желілерден алынды

Павлодарда кіші қызын ұрып-соғып, видеоға түсірген Нұргүл Докуованың үлкен қызының әкесі өз қызын алып кетпек, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы Павлодар қаласы білім беру бөлімі қамқорлық секторының меңгерушісі Орынбасар Темірболатова мәлім етті. 

"Нұргүл Докуованың үлкен қызы мектепте жақсы оқиды. Сабақты себепсіз босатпайды. Қазіргі таңда сегіз жасар Айғаным атасы мен әжесінің қолында тұрады. Оның әкесі сот шешімінен кейін баланы өзіне алуған ниет білдіріп отыр", - дейді Орынбасар Темірболатова. 

Еске сала кетейік, өзінің туған қызын соққыға жыққан әйел туралы видео Instagram әлеуметтік желісінде тарап кеткен. Бүлдіршінді қамқорлық бөлімі баспанаға орналастырған болатын. Алайда ол жақтан баланы әкесі алып кеткен. Нұргүл Докуованың ата-ана құқығына шектеу қою туралы сот бүгін өтіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети