Павлодарда атысқандар ұсталып, олардан Lexus пен қару тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда атысқандар ұсталып, олардан Lexus пен қару тәркіленді © newsru

Павлодар орталығында оқ атқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар орталығында оқ атқандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Іздеу шаралары жүргізіліп, атысқа қатысы бар тұлғалар анықталды және ұсталды. Барлығы Павлодар облысының тұрғындары. Олардан Lexus маркалы көлік пен қару тәркіленді", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазіргі кезде ұсталғандардан жауап алынып жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полициядағылар жараланған ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғанын айтады. Сонымен қатар, ол тергеуді жаңылдырмақ болған. "Зардап шегуші жанжалдың шынайы себебін және қашып кеткендердің тұлғасын жасырып, тергеуді шатыстырмақ болды", - дейді аймақтық ІІД өкілдері. 

Зардап шеккен 33 жастағы азамат беті мен арқасына жарақат алған. Жарақаттар өмірге қауіпті емес және жарқаттаушы қарудан алған. Ер адамның айтуынша, жанжал көлік тұрағындағы орынға таластан туындаған. 

Күдіктілерді ұстау үшін қалада арнайы жоспар жарияланды. Атысқа қатысушыларды ұстау үшін Павлодар облысымен қоса, Астана мен Ақмола облысының, сондай-ақ Ресейдің Омбы облысы мен Алтай өлкесінің құқық қорғаушылары тартылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети