Павлодарда әйелін қатыгездікпен өлтірген ер адам сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Павлодарда әйелін қызының көзінше өлтірген 39 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда әйелін қызының көзінше өлтірген 39 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, ол жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, былтыр шілдеде Павлодар тұрғыны әйеліне 28 пышақ жарақатын салған. Оқиға куәгері оның 19 жастағы қызы. Марқұм Сурова осы оқиғаға дейін "НеМолчи" қорына өтініш берген екен.

"Антонида өмір сүргісі келді, соңғы рет 2021 жылы 7 мамырда сөйлесті, өлетінін білгендей, көзіне жас алып: "Дина, не істеуім керек? Мен балаларға керекпін" - деді. 2021 жылы 6 шілдеде ол күйеуінің қолынан қаза тапты", - деп жазды қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-парақшасында.

Сот мәліметінше, сотталушы мен оның қорғаушысы "ерекше қатыгездік" белгісін алып тастап, іс-әрекетті 99-баптың 1-бөлігіне қайта саралауды және ең төменгі дәрежедегі жаза тағайындауды сұраған.

"Бұл әрекеті үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда, асырауында кәмелетке толмаған баласының болуын, кінәсін ішінара мойындауын ескере отырып, сот оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, сот айыпталушыны марқұмның анасы мен қызына бес миллион теңгеден төлеуге міндеттеді.

Айта кетейік, марқұмның 19 жастағы қызынан бөлек 11 және 4 жастағы ұлдары болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro